Аудандағы Әбіш Кекілбаев оқуларының өткізілуі туралы
А Қ П А Р А Т
2019 жылдың қаңтар айының 29 күні Үшарал қаласында «Абай атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесінде аудандық білім беретін оқу орындарының 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық Әбіш оқулары ұйымдастырылды.
Аудандық Әбіш оқуларын өткізу туралы білім бөлімінің 22 қаңтар 2019ж. №62-ө бұйрығы шығарылып, барлық мектептерге ереже таратылды. Осы ереже «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының заңына, Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін республикалық «Әбіш оқуларының» (бұдан әрі - Әбіш оқулары) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметінің қамсыздандырылуын, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындады.
«Әбіш оқуларының» негізгі мақсаты мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру. «Әбіш оқуларының» негізгі міндеттері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
Әбіш оқулары 4 номинация бойынша өткізілді. Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс: Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы, Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым, үй тапсырмасы: Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу.
Әбіш оқуларына 45 мектептен 19 мектептен 45 бала қана қатысты. Мәнерлеп оқу бойынша қатысқан бала саны – 16, сахналық қойылым бойыншы 2 мектеп, зерттеу жұмысы бойынша -5, иллюстрациялық сурет салу бойынша -10 оқушы қатысты. Қатысқан мектептер: Талапкер орта мектебі, Теректі орта мектебі, Көлбай орта мектебі, Үшарал қаласының №2 орта мектебі, Бұлақты орта мектебі, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, Архарлы орта мектебі, Тоқжайлау орта мектебі, Еңбекші орта мектебі, Қарабұлақ орта мектебі, Үшарал қазақ гимназиясы, Қантзауыты орта мектебі, №1 Қабанбай орта мектебі, М.Төлебаев атындағы орта мектебі, О.Молдағожин атындағы орта мектебі, М.мыңбайұлы атындағы орта мектебі, Сапақ орта мектебі.
Аудандық Әбіш оқуларының қорытындысын және қазылар алқасының шешімін басшылыққа ала отырып, оқушылар төмендегідей орындарға ие болды: „Ә.Кекілбаев шығармаларын мінерлеп оқу “ бөлімі бойынша
Бас жүлде - Калиева Асель, Тоқжайлау ОМ, І орын – Курманбаева Алтынай, Үшарал қазақ гимназиясы, Калымбекова Мерей - №1 Қабанбай ОМ, ІІ орын – Жеңісбек Ақбота, О.Молдағожин ат. ОМ; Нуртелеуова Әсем, М.Мыңбайұлы ат. ОМ, ІІІ орын – Бәйкенқызы Шұғыла, М.Төлебаев ат. ОМ; Асхатқызы Айдана, С.Сейфуллин ат. ОМ; Өмірсерік Мерей, Еңбекші ОМ, Әбеуғали Ерсұлтан, Үшарал қ. №2 ОМ иеленді.
„Ә.Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым“ бойынша ІІ орын – Тоқжайлау ОМ-нің тобы, ІІІ орын – Еңбекші ОМ-нің тобы иеленді. „Ә.Кекілбаев шығармалары бойынша зерделеу жоба“ бөлімі бойынша І орын – Несіпбай Назым, Тоқжайлау ОМ, ІІ орын- Ермухан Анель, Теректі ОМ; ІІІ орын – Абылханова Аяулым, М.Төлебаев ат. ОМ; Меңдыбай Айнұрым, Талапкер ОМ иеленді. „Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу“ бөлімі бойынша бас жүлде - Нуркасымова Альбина, Еңбекші ОМ, І орын – Марат Ақниет, Үшарал қаласының №2 ОМ, ІІ орын – Аминова Дана, Көлбай ОМ; Тұрсынбай Асхат, М.Мыңбайұлы ат. ОМ, Нуртелеуова Әсем, М.Мыңбайұлы ат. ОМ, ІІІ орын – Мұхаметқали Ақылбек, Бұлақты ОМ, Маусымбекова Балжан, М.Төлебаев ат. ОМ иеленді. Бас жүлде иелеген Калиева Асель, Тоқжайлау ОМ, Несіпбай Назым, Тоқжайлау ОМ, Нуркасымова Альбина, Еңбекші ОМ. мектебінің оқушылары облыстық оқуларына жіберілді.
Жалпы оқушылардың дайындық деңгейі орташа болды. Сахналық қойылым бойынша екі-ақ мектеп қатысқан. Мәнерлеп оқу номинациясында оқушылардың мәнерімен дикциясымен жұмыс жасамаған. Өте жоғары деңгейдегі дайындықпен Тоқжайлау орта мектебі, Еңбекші орта мектебінің оқушылары келген.