Қазақша  Русский  
Отдел образования акимата  <br>
Алакольского района <br>
Алматинской области
Отдел образования акимата
Алакольского района
Алматинской области

Государственные символы Республики Казахстан
eye 
Новости
31-01-2020


Қайталанбас  күндер-ай...

Кеше ғана арамыздан аққан жұлдыздай жарқ етіп, әп-сәтте тілге келмей, мына жарқ дүниемен қоштасып, өмірден озған,

Сапақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ибраева Айгүл Сәлімбайқызы  мен №3 Қабанбай орта мектебінің психологі Байбатырова Айжан Нұржанқызы  әріптесіміздің жаны жәннатта болып, иманы жолдас болғай!

Бақилық болған әріптесіміздің  отбасына, ағайын туыстарына, жақын жанашыр жолдастарына, әріптестеріне,  Алакөл өңірінің барлық ұстаздары атынан қамыға, қайғыра көңіл айтамыз!

Дүние салған әріптесіміз ұрпақ қамы,болашақ үшін жас жеткіншектерге саналы тәрбие  беру жолында аянбай, қажымай еңбек еткені баршамызға аян. Білім жолындағы адам еңбектерін ешкімде ұмытпайды және ұмытылмайды.

Біз үшін орны толмас үлкен өкініш. Қолдан келер қайыр жоқ.

Артында қалған ата-анасы, отбасы,  ағайын-туысқандарына қамыға көңіл айта отырып, қаралы қайғыларыңызға ортақ екенімізді білдіреміз.Иманды болсын!

 Отбасыларыңызға амандық, өздеріңізге үлкен сабырлық тілейміз!

 

Copyright © 2017, Отдел образования Алаколского района Алматинской области
 

Вход