Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Алакөл ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Алакөл ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Галереядан сурет

Оқу – ойға «тоқу»

Қазіргі кезде әлем өзгеруінің жылдамдығы лезде. «Ғылымды cүйгeн жәнe жaқcы мeңгepe бiлгeн мұғaлiм ғaнa oқyшылapынa тepeң дe мaғынaлы бiлiм бeрe aлaды» дeп ұлы ғaлым Д.И.Мeндeлeeв aйтқaндaй, өз шәкipтiмiздiң қaзipгi зaмaн тaлaптapынa caй бoлуын қaлacaқ, бiз өзiмiз дe бiлiмiмiздi жeтiлдipiп oтыpyымыз кepeк.

Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.  Сол себепті Алматы облысы Алакөл ауанындағы Үшарал қазақ гианазиясында 2018 жылдың жетоқсан айының 24-28 аралығында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Инновациялық оқыту технологиялары арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында курс өтті.

Курсты тренер Әбдіқади Пірмағамбетұлы Мустафаев – ф.м.ғ.кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері,  «Өрлеу» АҚ-ның Алматы облысы бойынша Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі өткізді.

Аталған курсқа аудан бойынша барлығы 23 мұғалім қатысып, курс соңында өз пікірлерін айтып жатты:

  • «Курс бізге жаңа леп, тың идеяларды ұсынды деп ойлаймын, өз басым қажетті, мол рухани байлық ала алдым, теория түрінде де, тәжірибе түрінде де өзіме қажетті өте мол қор алдым. Тренер Ә.П.Мустафаевқа алғысым шексіз»;
  • «...дискриптор құруды қарастырдық...»;
  • «курс барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қиындығы жоғары есептерді бірнеше тәсіілмен шешу әдістерін және сабақта қалай қолдану барысын үйрендік»;
  • «...олимпиадалық есептерді талдадық...»;
  • «бір тапсырманы әртүрлі деңгейлі тапсырмаға айналдыруға үйретті»;
  • «Теңсізді шешу кезінде маған шешімі қиындық туындыратын, енді шешімін нақты анықтай алатын болдым. Мәтінді есептерді шығаруда кестеге негіздеп, бір жүйеге жинақтауды үйрендім. Көп көмегі болды. Рахмет»;
  • «есептерді бірнеше оңай тәсілдермен шығаруды үйретті»;
  • «күрделі олимпиадалық есептерді шығаруды үйрендім»;
  • «Бір есепті бірнеше тәсілмен шығаруды біз көбіне қарастырмаймыз, соны қарастырдық»...

Оқу – ойға «тоқу» демекші, өткізілген курс өзара пайдалы, нәтижелі болып, шығармашылық шабыт берді деп сенеміз.

Әдістемелік кабинет

Аты-жөні       Лауазымы Телефон
Калияева К.А аға әдіскер 35416
Кабдуллаева Қ.С химия, биология, география әдіскері  
Төлегенова Ә.М бастауыш сынып әдіскері  
Аканова М.Х физика, информатика, математика, ақпараттандыру әдіскері  
Мырзаханова Ж.Ж ағылшын тілі, дарынды балалармен жұмыс, ЖМЦ пәндерді үштілде оқыту бойынша әдіскері  
Ақжолова М.О мұғалімдердің білімін көтеру курстарына жіберу жұмыстары бойынша әдіскері  

 

"Үздік ауыл мектебі-2019"

Ауылдық білім беру мекемелерінде жалпы орта білім беруді жетілдіру және дамыту, келешекте кәсіби және шығармашылықпен жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептерді айқындау, олардың озат тәжірибесін насихаттау және тарату, ауыл мектептері мен өзгеше ерекшеліктері бар шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісін неғұрлым жоғары деңгейде дамыту және қамтамасыз ету, мектеп жұмысын ұйымдастыруда жаңашыл тың идеялар мен технологияларды іздеу, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда дәстүрлі емес тиімді тәсілдерді анықтау, балалармен жұмыс жасаудағы педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2019 жылдың 30 сәуірінде «Үздік ауыл мектебі-2019» байқауы ұйымдастырылды. Байқауды өткізу үшін, ұсынылған жұмыстарды сараптап, бағалау мақсатында Сараптау комиссиясы құрылды. Сайыс барысында шығармашылықпен, озық инновациялық режимінде жұмыс жасайтын білім беру ұйымының жеткен жетістіктері мен мектептің оқу-тәрбие үрдісін арттыру бағытындағы іс-әрекеттері, білім беру мекемесі жетістіктерінің портфолиосы сарапқа салынды. Сайыс барысы 3 кезеңнен болды: І кезеңде – білім беру мекемесі жетістіктерінің портфолиосы қаралды. ІІ кезеңде - таныстыру 10 балдық жүйемен бағаланды. Ұжым таныстыруларын сазды, көркем музыкалық немесе басқа да шығармашылық тәсілмен көрсетті. Таныстыру барысында тек мектепте атқарылып жатқан жұмыс нәтижесі мен жаңашылдығы, білім саласындағы жаңашылдықтарды іске асыру мен қол жеткен табыстары, педагогикалық команданы құру және басқару ерекшеліктеріне мән берілді. Байқаудың үшінші кезеңі «Мектеп моделі мен оның жұмысының нәтижелігін көрсету» бөлімінде инновациялық тәжірибені оқу – әдістемелік тұрғыда қолдануы, практикалық мәнділігі, жобаны ендіру және тарату мүмкіндігі, шынайылығы, жобаны ұсыну мәдениеті, аудиториямен өзара әрекеттесу сапасы байқалды. Сайыстың барлық түрін қорытындылай келгенде: Бас жүлде және бір оқу сыныбының парталар жиынтығы сыйлығына– Көктұма орта мектебінің ұжымы, мектеп директоры А.Касымжанова ие болды; I орын және бағалы сыйлық– Жыланды ОМЛ ұжымы, директоры Ш.Бикенов иеленсе; II орын және бағалы сыйлыққа – Жанама ОМ ұжымы, мектеп директоры Р.Коразова және Арқарлы ОМ, мектеп директоры С.Данабекова ие болды III орын және бағалы сыйлыққа – М.Әубәкіров ат.ОМ, мектеп директоры Г.Нусупова, Қарабұлақ ОМ, мектеп директоры Б.Иманқұлов, Достық №11 ОМ, мектеп директорының орынбасары Д.Утепбергенов иеленді; «Шығармашыл ұжым» номинациясын Бұлақты ОМ ұжымы, мектеп директоры Г.Наурызбаеваға, «Жаңашыл ұжым» номинациясын Қабанбай батыр ат. ОМ ұжымы, мектеп директоры Р.Нурбековаға берілді. Бас жүлдені жеңіп алған Көктұма ОМ облыстық «Үздік ауыл мектебі-2019» байқауына жолдама алды.

«Жыл мұғалімі-2019»

     Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой-өрісі биік, парасатты, өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік  шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, білім беруді ақпараттандыру, қабілетті, білікті, білімді, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау үшін Алакөл аудандық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспары бойынша аудандық «Жыл мұғалімі-2019» байқауы ұйымдастырылды. Байқау аудан бойынша ең үздік мұғалімді анықтау,педагогтардың әлеуметтік, кәсіби беделді тұлғасын қалыптастыру, мадақтау және қолдау көрсету, алдыңғы қатарлы мұғалімнің іс-тәжірибесін тарату және қорытындылау мақсатында ұйымдастырылды. 

         «Жыл мұғалімі – 2019» байқауының бөлімдері мен сайысты бағалаудың талаптары мен өлшемдері сайыстың Ережесі бойынша анықталды. Байқауды өткізу үшін, ұсынылған жұмыстарды сараптап, бағалау мақсатында Сараптау комиссиясы құрылды. Сайыс барысында сайыскерлердің  үш жылғы  жұмыстары зерделеніп бағаланды. Өткен оқу жылы барысындағы ұстаздарымыздың жеткен жетістіктері мен мектептің оқу-тәрбие үрдісін арттыру бағытындағы іс-әрекеттері, әдістемелік құжаттары сарапқа салынды.

       Сайыс барысы 3 кезеңнен тұрды:

І кезең – Портфолио;

ІІ кезең –  Ашық сабақ

ІІІ кезең – Мәре.

Ақтық мәре 4 бөлімнен тұрды.

1. «Тұсаукесер» -өзін-өзі таныстыру (сахналық көрініс түрінде)

2.Шығармашылық таныстырылым: «Жаңа формация мұғалімі»  

3.Импровизациялық тапсырма

4. «Педагогикалық эссе

      Сайыстың барлық түрін қорытындылай келгенде: 

Бас жүлде және 100 мың теңге ақшалай сыйлыққа – Турсынбаев Алмас Саматович - Үшарал №1 ОМ, информатика пәнінің мұғалімі ие болды;

I орын және бағалы сыйлықпен – Қабетханова Альбина Ерғалиқызы, Үшарал қазақ гимназиясының химия пәнінің мұғалімі иеленсе;

II орын және бағалы сыйлыққа – Абдрахманова Тлеукен Даулетказиевна ОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Тубитова Дария Маусанқызы М.Мыңбайұлы ат.ОМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ие болды

 III орын және бағалы сыйлыққа - Турлыбекова Гульнур Куатбековна Қоңыр ОМ бастауыш сынып мұғалімі, Аянбаева Жанат Сериковна Бұлақты ОМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Савченко Анна Александровна Бескөл №14 ОМ-нің тарих, география пәнінің мұғалімі, Мухамеджанова Диана Айтбековна Қарлығаш НОМ-нің биология пәнінің мұғалімі, Болатбек Ақмарал Қабанбай №3 ОМ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері иеленді;

       «Шебер-ұстаз» номинациясын Башчикулова Лаззат Нуролдиновна Қабанбай батыр ат. ОМ-нің химия пәнінің мұғалімі, «Креативті -ұстаз» номинациясын Тапеева Динара Қонысбековна Достық ОМ-нің физика, математика пәнінің мұғалімдеріне берілді.

       Бас жүлдені жеңіп алған Турсынбаев Алмас Саматович - Үшарал №1 ОМ, информатика пәнінің мұғалімі пәнінің мұғалімі облыстық «Жыл мұғалімі-2019» байқауына жолдама алды.

Аудандағы Әбіш Кекілбаев оқуларының өткізілуі туралы

Аудандағы Әбіш Кекілбаев оқуларының өткізілуі туралы

А Қ П А Р А Т

2019  жылдың қаңтар айының 29 күні Үшарал қаласында «Абай атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесінде аудандық білім беретін оқу орындарының 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық Әбіш оқулары ұйымдастырылды.

Аудандық  Әбіш оқуларын өткізу туралы білім бөлімінің 22 қаңтар 2019ж. №62-ө бұйрығы шығарылып,  барлық мектептерге ереже таратылды. Осы ереже  «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының заңына, Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін республикалық   «Әбіш оқуларының»  (бұдан әрі - Әбіш оқулары)  мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметінің қамсыздандырылуын, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындады.

«Әбіш оқуларының» негізгі мақсаты мектеп  оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру. «Әбіш оқуларының» негізгі міндеттері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығының көркемдік  ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.

Әбіш оқулары 4 номинация бойынша өткізілді. Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан)  мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс: Ә.Кекілбаевтың  шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы, Ә.Кекілбаевтың  шығармаларынан  сахналық қойылым, үй тапсырмасы: Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық  суреттер салу.

Әбіш оқуларына 45 мектептен 19 мектептен 45 бала  қана қатысты. Мәнерлеп оқу бойынша қатысқан бала саны – 16, сахналық қойылым бойыншы 2 мектеп, зерттеу жұмысы бойынша -5, иллюстрациялық сурет салу бойынша -10 оқушы қатысты. Қатысқан мектептер: Талапкер орта мектебі, Теректі орта мектебі, Көлбай орта мектебі, Үшарал қаласының №2 орта мектебі,  Бұлақты орта мектебі, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, Архарлы орта мектебі,  Тоқжайлау орта мектебі, Еңбекші орта мектебі, Қарабұлақ орта мектебі, Үшарал қазақ гимназиясы, Қантзауыты орта мектебі, №1 Қабанбай орта мектебі, М.Төлебаев атындағы орта мектебі, О.Молдағожин атындағы орта мектебі, М.мыңбайұлы  атындағы орта мектебі, Сапақ орта мектебі.

 Аудандық Әбіш  оқуларының қорытындысын және қазылар алқасының шешімін басшылыққа ала отырып, оқушылар төмендегідей орындарға ие болды: „Ә.Кекілбаев шығармаларын мінерлеп оқу бөлімі бойынша

  Бас жүлдеКалиева Асель, Тоқжайлау ОМ, І орын – Курманбаева Алтынай, Үшарал қазақ гимназиясы,   Калымбекова Мерей - №1 Қабанбай ОМ, ІІ орын – Жеңісбек Ақбота, О.Молдағожин ат. ОМ; Нуртелеуова Әсем, М.Мыңбайұлы ат. ОМ, ІІІ орын – Бәйкенқызы Шұғыла, М.Төлебаев ат. ОМ; Асхатқызы Айдана, С.Сейфуллин ат. ОМ; Өмірсерік Мерей, Еңбекші ОМ, Әбеуғали Ерсұлтан, Үшарал қ. №2 ОМ иеленді.

 „Ә.Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым“ бойынша ІІ орын – Тоқжайлау ОМ-нің тобы, ІІІ орын – Еңбекші ОМ-нің тобы иеленді. „Ә.Кекілбаев шығармалары бойынша зерделеу жоба“ бөлімі бойынша І орын – Несіпбай Назым, Тоқжайлау ОМ, ІІ орын- Ермухан Анель, Теректі ОМ; ІІІ орын – Абылханова Аяулым, М.Төлебаев ат. ОМ; Меңдыбай Айнұрым, Талапкер ОМ иеленді. „Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу“ бөлімі бойынша бас жүлдеНуркасымова Альбина, Еңбекші ОМ, І орын – Марат Ақниет, Үшарал қаласының №2 ОМ, ІІ орын – Аминова Дана, Көлбай ОМ; Тұрсынбай Асхат, М.Мыңбайұлы ат. ОМ, Нуртелеуова Әсем, М.Мыңбайұлы ат. ОМ, ІІІ орын – Мұхаметқали Ақылбек, Бұлақты ОМ, Маусымбекова Балжан, М.Төлебаев ат. ОМ иеленді. Бас жүлде иелеген Калиева Асель, Тоқжайлау ОМ, Несіпбай Назым, Тоқжайлау ОМ, Нуркасымова Альбина, Еңбекші ОМ.  мектебінің оқушылары облыстық оқуларына  жіберілді.

Жалпы оқушылардың дайындық деңгейі орташа  болды. Сахналық қойылым бойынша екі-ақ мектеп қатысқан. Мәнерлеп оқу номинациясында оқушылардың мәнерімен дикциясымен жұмыс жасамаған. Өте жоғары деңгейдегі дайындықпен Тоқжайлау орта мектебі, Еңбекші орта мектебінің оқушылары келген.

 

 

 

 

 

Тәжірибелік онлайн семинар

       17.01.2020 жылы ғылыми-техникалық, қосымша білім беру және дене шынықтыру саласы бойынша онлайн семинар өтті. Семинарға барлығы 161 педагог қатысты, оның ішінде информатика, робототехника, дене тәрбиесі, қосымша білім беру мекемесінің көркем-эстетикалық пәндерінің мұғалімдері, сонымен  қатар мектеп директорларының ОТЖЖ және ТЖЖ орынбасарлары қатысты. Онлайн семинарда Үшарал қаласының №1 орта мектебінің информатики пәнінің мұғалімі А.Тұрсынбаев пен Үшарал қазақ гимназиясының робототехника үйірмесі мен факультатив жетекшілері Д.Хамитов пен С.Чапаев it-сыныптағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Балабақшаны басқарудағы инновациялық әдістер" әдістемелік семинар

    28 қаңтарда «Парасат» балабақша базасында шағын орталығының тәрбиешілеріне арналған аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі үйымдардың тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек беру.

 

 

 

«Химия пәнінен қиындық туғызатын есептерді шығару жолдары» химиялық эстафета

«Оқу-тәрбие үрдісін өрге бастыруға ұмтылып, шығармашылық  ізденіспен еңбек ету – әрбір орта оқу орны мен ондағы ұстаздарға жүктелетін үлкен  міндет» демекші, 28 қаңтарда аудандағы химия пәнінің мұғалімдеріне арналған химиялық эстафета өтті. Семинарды өткізу мақсаты жаңартылған бағдарлама негізінде химия пәнінен  қиындық туғызатын есептерді шығарудың  тиімді жолдарын анықтау, педагогтардың кәсіби дамуына ықпал ету. Соңында мұғалімдер пікір, тәжірибе алмасты.

 

9 сынып оқушыларына қорытынды аттестацияға тапсырмалар әзірлеу ерекшеліктері

    Аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Үшарал қаласының №2 орта мектебі және Абай атындағы орта мектеп базасында қазақ тілі (қазақ және орыс бөлімдері), математика, физика, информатика, орыс тілі (қазақ және орыс бөлімдері), ағылшын тілі, химия, география, биология пәндерінен 9 сыныптарда сабақ жүргізетін мұғалімдерінге қорытынды аттестацияға тапсырмаларды әзірлеу ерекшелігін көрсету мақсатында практикалық сабақтар өткізілді.

 

 

 

 

 

 

Эстетикалық пәндерді оқытудағы инновациялық әдістер

     Алакөл аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының 2020 жылдық жоспарына сәйкес   Арқарлы орта мектебі базасында "Эстетикалық пәндерді оқытудағы инновациялық әдістер" тақырыбында семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинардың мақсаты – эстетикалық пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаңашыл сабақтар көрсету, өзара тәжірибе алмасу.

    Семинар барысында окытудың инновациялық интерактивті әдістерін көрсеткен 8 сабақ корсетілді. Сонымен қатар 3 сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

 

 

Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың әдістемелік маңызы

    Алакөл аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының 2020 жылдық жоспарына сәйкес Үшарал қаласының №1 орта мектебінде жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың әдістемелік маңыздылығын түсіндіру және мұғалімдердің іс-тәжірибелерін тарату мақсатында физика, химия, биология, география пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың әдістемелік маңызы» атты семинар ұйымдастырылып, өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру

2020 жылдың 19 тамыз күні Алакөл ауданы бойынша ZOOM платформасы арқылы «Жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізу Тұжырымдамасы 44 мектепте «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңес коронавирустық инфекцияның таралуын жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайынды жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету мақсатында өткізілді. Педагогикалық кеңесте: жаңа оқу жылындағы оқу форматтары; оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау; 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары таныстырылып, талқыланды. Сонымен қатар мұғалімдер үшін, қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер; техникалық дайындық және жұмыс орны; қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі; педагог имиджі және этикетті сақтау бойынша нұсқаулықтар беріліп, мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен таныстырып өтті. Биылғы оқытудағы тағы бір ерекшелігі – жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалаудаға өзгешеліктермен танысты. Баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру болаты да айтылып өтілді.
Егер қолайлы эпидемиологиялық фоны бар шалғайдағы елді мекенде орналасқан мектеп балаларды штаттық форматта оқытуды жоспарласа, онда педагогтарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен мектепке баруға қойылатын талаптар түсіндірілді. Қосымша білім беру ресурсы ретінде қазақ тіліндегі «Балапан», орыс тіліндегі «ЕлАрна» телеарналарында теле сабақтар ұсынылатын болады.
Жалпы аудан педагогикалық кеңеске 1702 адам қатысты.
 

Биология пәні бойынша қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру: формалары, әдістері

19.08.2020ж сағат 10.00-11.30 аралығында аудандық тамыз мәжілісінің секция жұмысы "Биология пәні бойынша қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру: формалары, әдістері" тақырыбында өтті. Бейнеконференцияны аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Кабдуллаева К.С өткізді және 2020-2021 оқу жылында балаларды оқыту бойынша жаңалықтармен биология пәнінің мұғалімдерін таныстырды. Содан соң пәннің 11 сыныптағы оқыту ерекшелігімен О.Молдағожин атындағы ом мұғалімі Ж.Жақыпова, ҚО жағдайында білім беру платформаларын тиімді пайдалану туралы Достық ом мұғалімі М.Ермозанова, ҚО кезінде қолданатын ресурстар туралы Үшарал қ. №1 ом мұғалімі А.Виношкина тарқатты. Әр спикерлер қатысушылар қойған сұрақтарына жауап берді.

Химия пәнінің мұғалімдеріне жылдағы тамыз мәжілісінің секция отырысы

19.08.2020ж сағат 14.00-15.30 аралығында Аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Кабдуллаева К.С химия пәнінің мұғалімдеріне жылдағы тамыз мәжілісінің секция отырысын Zoom арқылы өткізді. Бейнеконференцияда 2020-2021 оқу жылында балаларды І-ші тоқсанда қашықтықтан оқыту бойынша жаңалықтарымен мұғалімдерді таныстырды. Секциялық бейне-отырыста Қабанбай батыр атындағы ом мұғалімі Башчикулова Л.Н, Ақжар ом мұғалімі Тлеубаева М.С, Үшарал қ. №1 ом мұғалімі Филимонов А.В қашықтықтан оқыту кезіндегі пән бойынша туындаған мәселелерді шешу жолдарының түрлі әдістері бойынша айтып, көрсетті.

Құралай Сағатқызы мен әр спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жылдағы тамыз мәжілісінің мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөнінен орынбасары секциясының отырысы

20.08.2020ж. аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері Қалиева К.Ә. жылдағы тамыз мәжілісінің мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөнінен орынбасары секциясының отырысын өткізді. Бейне-отырыста Кенжегуль Әмірғазықызы 2020-2021 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқаулық хаттың бөлімдерін түсіндіріп, биылғы оқу жылдың ерекшеліктерімен таныстырды. Сонымен қатар Қарабұлақ ом директорының орынбасары Тайботанова А.Н, Достық ом директорының орынбасары Абдуллаева Ж.А, М.Әубәкіров атындағы ом директорының орынбасары Долдаханова Б.С және Үшарал қазақ гимназиясы директорының орынбасары Мадиева Ұ.М қашықтықтан оқыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Бейне-конференция соңында әр спикер әріптестерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

"Қашықтықтан оқытуда менеджменттің өзекті мәселесі" оқыту панорамасы

20.08.2020ж күні "Қашықтықтан оқытуда менеджменттің өзекті мәселесі" оқыту панорамасы бойынша ауданның мектеп директорларына қашықтықтан оқыту жағдайында мектепті басқару аспектісі алаңында тамыз мәжілісінің секция отырысы өтті. Бейнеконференцияда "Kundelik.kz" ЖШС Бас директоры Ильясов М.М "Қашықтықтан білім берудегі электрондық журналдың негізгі ерекшеліктері" тақырыбын, Bilim Media Group компаниясының өкілі Мырзаханов Қ.Е "Online mektep" жобасы туралы тарқатты. Аталған тақырып мәселері бойынша білім беру ұйымы басшыларының сұрақтарына Бейнеконференция қонақтары толықтай жауап берді.
Бейне-отырыста Абай атындағы ом директоры Ғ.Хасенова "Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың маңызы", №1 Қабанбай ом директоры Д.Савчук "Образовательных контент для системы дистанционного обучения в школе" және Үшарал қ. №1 ом директоры С.Құнанбаева "Жаңа оқу жылындағы ҚО барысында педагог қызметкерлерді басқару менеджментінің жаңа әдістері" тақырыптарында баяндады. Соңында әр қайсысы әріптестерінің сұрақтарына жауап берді.

Қашықтықтан өткізілген сынып сағатта

21.08.2020ж аудан бойынша сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатта сынып жетекшілер оқушыларына қашықтықтан оқыту тәсілдері (синхронды/асинхронды), интернет-платформалары (Bilim land-тағы Online Mektep, Daryn online, kundelik.kz жүйесі т.с.с), цифрлық білім беру ресурстары, гигиена негіздері, тыныс алу гимнастиканың мен дене шынықтыру жаттығуларының маңыздылығы (қоса пайдалы сілтеме берілді) туралы айтылды. Сынып сағатын қорытындылау мақсатында оқушылар бір-бірімен пікір алмасты.
Соңында сынып жетекшілері балалардың туындаған сұрақтарына жауап берді және ата-аналар кері байланыстарын жасады.

19.08.2020ж сағат 10.00-11.30 аралығында аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы жылдағы тамыз мәжілісінің секция жұмысын математика пәнінің мұғалімдеріне вебинар түрінде өткізді. Бейнеконференцияны АББДОӘ орталығының әдіскері М.Аканова "Қашықтықтан оқыту жағдайында математика пәнін оқыту ерекшеліктері" тақырыбында өткізді және 2020-2021 оқу жылында оқыту бойынша жаңалықтармен пән мұғалімдерін таныстырды. Бейнеконференция барысында Қабанбай батыр атындағы ом мұғалімі Ж.Жандыбаева "математикалық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды орындаудағы тиімді әдістер", Бескөл ст.№14 ом мұғалімі О.Медведева "Основные направления работы по математике в условиях ДО", Иманасов ат.ом мұғалімі М.Елеуова "Қорытынды аттестаттаудан арналған тапсырмаларды шығаруда кездесетін мәселелер және оны шешу жолдары" тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Әр спикерлер қатысушылар қойған сұрақтарына жауап берді.

Физика пәнінің мұғалімдеріне арналған Тамыз мәжілісінің секция жұмысы

19.08.2020ж сағат 14.00-15.30 аралығында аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы жылдағы тамыз мәжілісінің секция жұмысын физика пәнінің мұғалімдеріне Zoom арқылы өткізді. Бейнеконференция модераторы АББДОӘОның әдіскері М.Аканова 2020-2021 оқу жылында физика пәнін оқыту туралы жаңалықтармен пән мұғалімдерін таныстырып, ҚО барысында Zoom арқылы оқушыларды минитопқа бөлу әдісін көрсетті. Сонымен қатар бейнеконференцияда өз тәжірибелерімен С.Иманасов атындағы ом мұғалімі "ҚО кезінде оқушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру" тақырыбында, Теректі ом мұғалімі А.Калашникова "Проведение обратной связи в процессе ДО", Үшарал қ. №2 ом мұғалімі Д.Хамитова "Оқушыларды халықаралық зерттеулерге дайындау жолдары" тақырыбында әріптестерімен бөлісті. Әр спикер қатысушылар қойған сұрақтарына жауап берді.

20.08.2020ж сағат 09.00-11.30 аралығында аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы жылдағы тамыз мәжілісінің секция жұмысы жалпы білім беру ұйымдарындағы информатика пәні мұғалімдерінің ҚО кезіндегі тиімді тәжірибелерін ұсыну мақсатында вебинар ұйымдастырды. Бейнеконференция модераторы АББДОӘОның әдіскері М.Аканова болды. Вебинарда "ҚО барысында Zoom арқылы оқушыларды минитопқа бөлу әдісі" тақырыбында әдіскер М.Аканова, "ҚО жағдайында информатика пәнін оқытуды ұйымдастыру" туралы Абай атындағы ом мұғалімі Қ.Имангазинова, Бұлақты ом мұғалімі А.Баукенов "ҚО-да білім платформаларын тиімді қолдана отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру", Бескөл ст. №14 ом мұғалімі А.Қабанбаева "Проблемы в организации виртуальных уроков в период ДО и пути их решения", Ақтүбек ом мұғалімі Ж.Калиева "Информатика пәнінен тапсырмаларды орындаудағы тиімді әдістер" атты және Үшарал қ.№1 ом мұғалімі "It-сыныптың мүмкіндіктері" тақырыбында әріптестеріне өз тәжірибелерін ортаға салды. Әр спикер қатысушылардың сұрақтарына толықтай жауап берді.

Copyright © 2017, Алматы облысы Алакөл ауданының білім бөлімі

 

КІРУ